Тоқаевтың күзет қызметінің бұрынғы бастығы енді төтенше жағдайлар министрлігін басқарады
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/02/full_17072248398d9f12589fca04bdc8be49823f652630_webp-905x613.webp)
Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол президент күзет қызметінің басшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы – құқықтану.
Азаматтық авиация академиясында білім алған. Мамандығы «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану».
2006-2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет;
2022 жылғы қаңтарда президент Өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған.
ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.