Тоқаевтың ішкі саясат мәселелері бойынша көмекшісі тағайындалды

0

Президент жарлығы Ақорда сайтында жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі саясат мәселелері бойынша көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.