Тоқаевтың инаугурациясына дайындық қалай жүріп жатыр

0

Нұр-Сұлтандағы «Қазақ елі» алаңында сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне басты дайындық өтіп жатыр

12 маусымда 10:30-да Тәуелсіздік сарайында Тоқаев ресми түрде мемлекет басшысы лауазымын иеленеді. Салтанатты рәсімге орекстр, әртүрлі бөлімдердің әскерилері қатысып, зеңбірек дүркіндері де болады.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға мәлімет бергендей, рәсімге құрметті қарауыл ротасы да қатысады екен.

Қауіпсіздік үшін алаңды металл қоршаумен қоршап қойған. Қаланың коммуналдық қызметі рәсім өтетін жерді тазартып жатыр. Тарихи күні бәрі жоғары деңгейде болуы тиіс.

Қазақстандықтар ұлықтау рәсімін мемлекеттік арналардың эфирінде тамашалай алады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз