Тоқаевты ҰҚШҰ саммитінде қалай қарсы алды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан басшысы Бішкекте қырғыз әріптесімен қауіпсіздік және сауда мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан мен Бішкек шекарада логистикалық орталық құру мүмкіндігін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуда.

Саммитке қатысу үшін Қырғызстан астанасына Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков келді.

Ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларын «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды.

Елдердің басшылары суретке түскеннен кейін шағын құрамдағы сессияға кетті. Олар баспасөзсіз өтіп жатқан жабық жиында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын талқылауда.

Пленарлық отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің  қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, сыртқы істер және қорғаныс министрлері қатысады.

ҰҚШҰ-ға төрағалық Қырғызстаннан Ресейге өтеді. Осыған орай, Владимир Путин елдің 2019-2020 жылдарға басымдықтарын жариялайды.

Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары

Сәрсенбі күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековтың шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды.

Тоқаев әріптесімен келіссөздер жүргізіп, шекарада тауарларды рәсімдеп, өңдеумен айналысатын логистикалық орталық құруды ұсынды. Бұл орталық экспорттық-импорттық операцияларды қолдап, ынталандыру үшін қажет.

Кездесу нәтижесінде 2020-2022 жылдарға арналған елдер арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына, «Қарасу – автожол» мен «Ак-Тилек – автожол» өткізу пунктері арасында жаңа көпір салу және бар көпірді қайта құру туралы келісімге, басқа да құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан президенті Бішкектегі Шыңғыс Айтматов музей-үйіне де барды.



sputniknews.kz