Тоқаевты Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда-саттықтың өсу қарқыны қуантады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

2003 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемі 3,5 есеге өсті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыдағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-инвестициялық өзара әрекеттестіктің нығайғанын атап өтті.

Тоқаев сөз басында атап өткендей, бірлескен форумдар жақсы дәстүрге айналды.

«Омбы – бұл біздің өңіраралық байланыстарымыздың жаңа кезеңдегі дамуының бастау алған жер болып саналады. Осы қалада 16 жыл бұрын сіз және біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шекаралас облыстардың алғашқы форумын өткізді», — деп еске алды Тоқаев.

Президенттің пікірінше, форум шекара форматынан шығып, екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың толыққанды механизміне айналды. Бұған өткен жылдардағы ынтымақтастық нәтижелері дәлел бола алады.

«Сауда-инвестициялық ынтымақтастық едәуір кеңейді. 2003 жылдан 2018 жылға дейін өзара тауар айналымы 3,5 есеге өсті. 2018 жылы тауар айналымы 6,5 триллион теңгеден асты немесе 19 миллиард долларға жуықтады. Біздің мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымының өсу қарқыны өте жақсы, өсім әрі қарай жалғаса береді», — деді Тоқаев.  

Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды 

Ол сондай-ақ өзара инвестициялардың да өскенін атап өтті.

«2005 жылдан 2018 жылға дейін Ресейдің тікелей инвестицияларының ағыны 14 миллиард долларды құрады. Ресейдегі қазақстандық бизнестің жалпы инвестициясы 4 миллиард доллардан асты. Бұл шетелдегі қазақстандық инвестицияның жиынтық қоржынында үшінші орынды алып отыр», — деп атап өтті президент.

Айта кету керек, Қазақстанда 6 800-ден астам ресейлік кәсіпорын мен 3200 бірлескен Қазақстан-Ресей компаниясы жұмыс істейді.    



sputniknews.kz