Тоқаевты Мәскеуде неліктен Ресей президенті немесе премьер-министрі қарсы алмады?  — Қазақстан жаңалықтары

0

Елшілік протокол бойынша, мемлекет басшыларыынң ресми сапары кезінде оларды елшілер немесе протоколдық қызметтер басшылары қарсы алады. Мәскеуге барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың неліктен Ресей президенті немесе премьер-министрі қарсы алмады деген сауалға жауап берген ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай дейді.

Тоқаевты Мәскеуде неліктен Ресей президенті немесе премьер-министрі қарсы алмады? 

Бұл туралы «Хабар» арнасының «Открытый диалог» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz жазады. 

3 сәуірде Мәскеуге ресми сапармен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеу әуежайында ресейлік СІМ-нің мемлекеттік протокол департаментінің басшысы  күтіп алды. Дәл осы жағдай желіде қызу талқыға түсіп, көбі мұндай деңгейді жеткіліксіз деп тапты. Осыған байланысты түсініктеме берген министр Дәурен Абаев бұл жағдайды қызу талқыға салатындай себеп жоқ екенін айтты.

«Кейбір БАҚ-тың журналистері қарсы алғандардың ішінде Ресейдің сыртқы істер вице-министрі Александр Панкиннің болғанын жазуды ұмытып кеткеннен кейін, осындай шу туындады. Бұл жерде бір маңызды жайтты атап өткім келеді: дипломатияда сапарлар деңгейі бойынша мемлекеттік, ресми, жұмыс бабымен және бейресми болып бөлінеді. Олардың әрқайсының протоколдық ерекшелігі мен ережелері бар. Алдыңғы күні ресми сапар болды. Оның барысында әуежайда елшілер мен протоколдық қызметтер басшылары күтіп алды және бұл ереже бойынша солай қабылданған. Біз де дәл осылай жасаймыз. Алайда осыған қарамастан ресейлік тарап сыртқы істер министрінің орынбасарын жіберген. Ол қонаққа деген үлкен құрметті білдіреді», — дейді Дәурен Абаев. 

Сонымен қатар ол мемлекет және үкімет басшылары өзге елдердің президенттерін мемлекеттік сапар кезінде ғана қарсы алатынын атап өтті. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге ресми сапармен барған. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті ретінде  алғашқы сапарын Ресейден бастап, Владимир Путинмен келіссөз жүргізген еді. Келіссөз барысында қазақ жеріне атом электр стансасын салу жайлы сөз болды

stan.kz