Тоқаевты бірінші болып қай елдің президенті құттықтады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Шавкат Мирзиёев Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: ОСК президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты әрі қарқынды ілгерілету жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыратынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы қазақ-өзбек қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенімділік білдірді. 

 



sputniknews.kz