Тоқаевқа Қазақстандағы электронды коммерцияның келешегі туралы баяндалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады

АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені, қазақстандық «EcoJer» өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанованы, «BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекті, экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе президентке цифрлық қызмет көрсету сервисінің және тиісті экожүйенің даму стратегиясы, сондай-ақ, Қазақстандағы электронды коммерцияның өсу перспективалары туралы баяндады. Компанияның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі жоспарына ерекше мән берілді. Мемлекет басшысына Kaspi.kz компаниясының акцияларын алдағы уақытта Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының алаңдарына ашық түрде орналастыруға дайындық туралы айтылды.

«Ләззат Рамазанова мемлекет басшысына «EcoJer» қауымдастығының жұмысы, өнеркәсіп орындарының ауа сапасын ластауын төмендетуге бағытталған технологияларды әзірлеу және енгізу туралы айтты. Кездесу барысында жаңа экологиялық кодекс жобасының негізгі ережелері талқыланды. Мемлекет басшысы экологиялық заңнаманы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттігіне тоқталды», – делінген ақпаратта.

«BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекпен кездесу кезінде кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды. Саясат Нұрбек президентке «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жайында айтты. Оның пікірінше, аталған жоба жастардың мамандық таңдауына, алдағы уақытта елімізде сұранысқа ие болатын кәсіптерді меңгеруіне көмектеседі.

Мемлекет басшысы білім беру саласында жаңа ғылыми әдістер мен технологиялық шешімдерді қолданудың маңыздылығын айтты. Тоқаевтың айтуынша, білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіледі.

Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековпен кездесуде ұлттық экономиканы дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін жақсарту мәселелері қарастырылды. Қазақстан президентіне институттың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз