Тоқаевқа Қазақстандағы блокчейн технологияларының дамуы туралы айтылды
Мемлекет басшысы Қазақстан блокчейн технологиялары қауымдастығының басшысы Исламбек Салжановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты жазды деп хабарлайды KzNews.
Исламбек Салжанов іске асырылып жатқан нақты жобалар жайында, сондай-ақ, Үкіметпен бірлесе отырып аталған салаға халықаралық компаниялар мен инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орындалған жұмыстар туралы мәлімет берді. Ассоциация басшысының сөзінше, бұл елімізде көптеген жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал, салық саясатына енгізілетін кей өзгерістер ел бюджетіне қосымша түсім әкеледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жаңа технологияларды экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.