Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген адамдардың санын өңірлерге бөліп көрсетті.
ОСК мәліметінше, Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының тұрғындары берген. Қазіргі мемлекет басшысы мұнда 949 042 сайлаушының сеніміне ие болып, 75,89 % дауысты алған. Ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары беріпті. Оның кандидатурасын өңірдегі 147 495 сайлаушы (55,52 %) таңдаған.
Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерде қанша адам дауыс берді? Толық мәліметті ұсынамыз.
- Ақмола облысы – 314 859 дауыс 73,16%;
- Ақтөбе облысы – 340 979 дауыс немесе 70,62 %;
- Алматы облысы – 949 042 дауыс немесе 75,89 %;
- Атырау облысы – 199 718 дауыс немесе 69,24 %;
- Шығыс Қазақстан облысы – 580 457 дауыс немесе 70,89 %;
- Жамбыл облысы – 401 133 дауыс немесе 69,73%;
- Батыс Қазақстан облысы – 213 603 дауыс немесе 73,69 %;
- Қарағанды облысы – 501 947 дауыс немесе 70,12 %;
- Қостанай облысы – 357 633 дауыс немесе 73,17 %;
- Қызылорда облысы – 299 192 дауыс немесе 75,35%;
- Маңғыстау облысы – 147 495 дауыс немесе 55,52 %;
- Павлодар облысы – 327 277 дауыс немесе 73,39 %;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 232 284 дауыс немесе 72,75 %;
- Түркістан облысы – 720 855 дауыс немесе 72,21 %;
- Нұр-Сұлтан қаласы – 268 019 дауыс немесе 59,19 %;
- Алматы қаласы – 392 167дауыс немесе 66,73 %;
- Шымкент қаласы – 257 394 дауыс немесе 67,11 %.
sputniknews.kz