Тоқаевқа өз суреті бар бокс қолғабы сыйға берілді

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі бейнеленген бокс қолғабы табыс етілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлықты кәсіпқой боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы табыс етті.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына Голландиямен өтетін ойында футзалдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін келген.