Тоқаевпен кездесуге Тимур Құлыбаев пен Болат Өтемұратов қатысқан

0
3250

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Тоқаев елде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты. Президенттің айтуынша, бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр.

– Қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайы арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарауға бірлесе кірісу керек. Таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, миллиардер Тимур Құлыбаев пен Болат Өтемұратов Қазақстан президентімен кездесуге келген.