Тоқаев «зорлық-зомбылық» заң жобасына қатысты пікір білдірді

0
6490

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», – деді Тоқаев.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы қоғамда резонанс туғызды. Атап айтқанда, қазақстандықтар баланы ұрып-соққаны үшін әке-шешені ата-ана құқығынан айыру нормасына қарсы. Олар заң жобасында ұсынылған кейбір шаралар «репрессивтік» сипатқа ие деп санайды.

Бұдан бөлек, заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратын адамдарға жақындарымен кездесуге 30 күнге тыйым салу ұсынылған. Бір айға берілетін қорғау ұйғарымын шығару туралы шешімді учаскелік полицей өз бетінше қабылдайды.

Айта кетсек, заң жобасы парламент қабырғасында талқыланып жатыр.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету