Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлект басшысы өңір жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған», — деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Тоқаев бұған дейін Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау Павлодар, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс сапарымен болды.

 



sputniknews.kz