Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

«Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді», — деп жазды Facebook-тегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады деп жоспарланып отыр.



sputniknews.kz