Тоқаев: «Жер шетелдіктерге сатылмайды»

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сатылмайды деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты 21 мамыр, кешке президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Тоқаев бұл сөзін Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен кездесу кезінде айтқан.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым!» деген Тоқаев.

Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған президент жастар әріптестігіне қазақстандық-ресейлік жастар форумына қатысқан.

2016 жылы сәуірдің 24-іне Атырау қаласында жер мәселесіне байланысты митинг өтіп, наразылық акциялары Қазақстанның өзге де қалаларында да жалғасты. Мамыр айының басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі резонанс тудырған заң баптарына мораторий жариялаған. Оған шетелдіктерге жерді жалға беру туралы заң баптары да қосылған. Онан кейін үкімет жанынан жер реформасын халықпен бірге талқылау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияның құрамына шақырылған бірнеше белсенді оның жұмысына қатысудан бас тартқан.

Жер комиссиясының негізгі ұсынысы осы мораторийдің мерзімін 2021 жылдың соңында дейін ұзарту болған. Президент Назарбаев 19 тамызда шетелдіктерге жерді жалға беру туралы заңға 2021 жылға дейін мораторий жариялаған. Осы шешімнен кейін жер комиссиясы жұмысын аяқтаған.

2016 жылы сәуірдегі жер шеруінен кейін атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян «әлеуметтік араздық тудырды», «жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу заңдарын бұзды» деген айыппен бес жылға сотталған. 2018 жылы сот Талғат Аянның түрмеден уақытынан бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырып, оны бостандыққа шығарған. Макс Боқаев «қамаудан уақытынан бұрын шығуға сұранбайтынын» айтқан.

Azattyq