Тоқаев жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның басшысын қызметінен босатты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы президент қызметіне кіріскеннен кейін кадрлық ауыс-түйіс жасауды жалғастырды  

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі, Елбасының қауіпсіздігі қызметі мен ұлттық бюродағы үш шенеунікті лауазымынан босатты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің бастығы лауазымынан босатылды. 13 маусым күні Садықұлов Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған еді.

Сондай-ақ Тоқаевтың шешімімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бірінші департаменті үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.

Президенттің жарлығымен қайта құрылған ұлттық бюрода тағы бір шенеунік отставкаға кетті.

«Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды», — деп жазылған өкімде.

Айта кетейік, Қайрат Сұнтаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына өткен жылы маусымда басшы болып келген еді.

Сұнтаев  1961 жылы 7 мамырда туған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысындағы департаментін басқарған. Әр жылдары президен әкімшілігінде жұмыс істеді, Атырау облысы ішкі істер департаментінің бастығы, ІІМ тіргеу комитетінің басшысы, елордалық прокурордың орынбасары болды.

 



sputniknews.kz