Тоқаев: Жастар мұнайшы болғысы келеді, бұл дұрыс емес

0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте батыс жастарының мұнайшы болғысы келетінін, бірақ мұнай таусылғанда жағдай күрделенуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Президент бүгінгі заманның өзекті саласы ретінде ақпараттық технологиялар саласын мысалға келтірді. Сонымен қатар ол біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек деді.

«Батыста, әсіресе Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал күрделенеді. Бәрі де мүмкін. Сондықтан жастар басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арайы жоспар бойынша атқару қажет. Мысалы бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Жастар болашаққа сеніммен қарауы керек. Бұл жұмыс жалпы әкімдердің, үкімет құрылымының құзырында», — деді Мемлекет басшысы.