Тоқаев жарлыққа қол қойды

0
39

Министрлер кабинетіне мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін және мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындау тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысы үкіметке салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемесін белгілеу, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау, салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарын бекітуді тапсырды», – деп жазылған жарлық мәтінінде.

Сондай-ақ, министрлер кабинетіне мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың, атқарудың ерекше тәртібін және мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындау тапсырылды.

Жарлыққа сәйкес, үкіметке тұрғындар мен экономиканың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жаңа жарлыққа не үшін қол қойғанын түсіндірді

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



sputniknews.kz