Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғыс айтты

0

Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғыс айтты Мемлекет басшысы Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

«Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын», — делінген хабарламада.