Тоқаев жаңа энергетика министрін Ақордаға шақырды  

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

https://sputniknews.kz/images/1227/02/12270292.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/politics/20191219/12333453/Toqaev-energetika-ministri.html

Президент Нұрлан Ноғаевқа халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Кездесу барысында президент энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттердің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Ноғаев энергетика министрі болды

Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты Қазақстанның энергетика министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Атырау облысының экс-әкімі президенттің кеңесшісі болып кеткен Қанат Бозымбаевтың орнына келді.  



sputniknews.kz