Тоқаев жаңа баспасөз хатшысын тағайындады

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президенттің баспасөз хатшысы болып Берік Құрманғали тағайындалды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа баспасөз хатшысын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды», — делінген өкімде.
Ал Айдос Үкібай басқа жұмысқа ауысуына байланысты президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.
sputniknews.kz