Тоқаев: Жалақысы төмен азаматтар салықты азырақ төлейді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев прогрессивті салық салу шкаласын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды. Оның пікірінше, бұл «әлеуметтік әділеттілік» үшін қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

«Прогрессивті шкаланың мәні — жалақысы төмен азаматтар салықты бүгінгі күнге қарағанда, азырақ төлейді, ал жалақысы жоғары жұмысшылар үшін салық мөлшері артады», — деді президент.

Ол белгілеген мақсат-  жалақы сегментін «көлеңкеден» шығару. Егер ставка төмендетілсе, конвертке жалақы салып төлеу аз болады.

Президент сондай-ақ азаматтардың қарыздық жүктемесінің ұлғаюына жол бермеу үшін тұтынушылық несиелеу нарығының жәй-күйін бақылауды жалғастыруды тапсырды.

«Қаржы нарығын реттеуші орган проблемалы несиелері бар қарыз алушыларды қалпына келтіруді қарастыруы керек.

Сондай-ақ, қарыз алушыға және өнім түріне байланысты несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді есептеу тәсілдерін қайта қарау керек», — деді Тоқаев.

Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін банктік емес несиелік ұйымдарға бақылау күшейтіліп, келесі жылдан бастап микроқаржыландыру қызметін лицензиялау енгізілетін болады.

stan.kz