Тоқаев Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинадағы президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бюллетеньдердің 95%-ын санаған Украинаның орталық сайлау комиссиясы сәуірдің 22-сі күні Владимир Зеленскийге сайлаушылардың 73,16% дауыс бергенін хабарлады.

Қазіргі президент Петр Порошенкоға сайлаушылардың 24,5% дауыс берген.

Сәуірдің 21-і күні Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті.

Оқи отырыңыз: Украинадағы сайлау қалай өтті?

Azattyq