Тоқаев зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу туралы заңға қол қойды

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайты

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов ОКҚ онлайн-брифингінде Мемлекет басшысының азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат емдеуге төлеуге немесе жеке қаржы компаниялары басқаруы үшін беруге пайдалану мүмкіндігін беру жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқанын мәлім етті.

Вице-министр зейнетақы жинағанынан ақшаның бөлігін мерзімінен бұрын алудың механизмі қаңтарда дайын болатынын атап өткен.

«Үкімет зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі өкілетті операторды айқындайды. Бірінші кезеңде «Отбасы банк» ұсынылады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту, қымбат емдуледі төлеу үшін зейнетақы төлемдерін төлеудің қағидаларын бейінді министрліктер әзірлейді және бекітеді. Олар — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі. Қаңтарда заңды іске асыруға қажет барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады деп күтудеміз және біз азаматтарға зейнетақы жинағының бөлігін шешіп алуға болатын құқығын ұсынудың толық механизмін бастаймыз», — деді вице-министр.