Тоқаев заңға қол қойды – не өзгереді ?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды

АЛМАТЫ, 4 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл мөлшері төмендейді. Кейбір әкімшілік құқық бұзушылық мүлдем жойылады. Олар азаматтық-құқықтық немесе тәртіптік жолмен шешілетін болады.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарастыру бойынша сот пен соттан тыс инстанциялардың құзыреті біртіндеп бөлінеді.

Қол қойылған заңға сәйкес, елімізде әкімшілік құқық бұзушылық өндірісі кезең-кезеңмен электронды форматқа көшіріледі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтетін болдық – видео

Сондай-ақ, дәмхана, мейрамхана мен түнгі клуб иелерінің жауапкершілігін арттыру қарастырылған. Тыныштықты бұзғаны үшін мұндай мекемелерге қолданылатын жаза күшейтіледі.

Түнгі уақыттағы шу үшін жеке тұлға 5 айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге), ал шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйым субъектілері 20 айлық есептік көрсеткіш (53 020 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері 30 айлық есептік көрсеткіш (79 530  теңге) және ірі кәсіп иелері 100 айлық есептік көрсеткіш (265 100 теңге) көлеміндегі айыппұл төлейді.

Бір айлық есептік көрсеткіш көлемі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 651 теңге болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз