Тоқаев заманауи үлгідегі әскери техникалармен танысты  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

 Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бас барлау басқармасының жұмысына оң баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды. Сонымен қатар президент бас барлау басқармасы бөлімдерінің заманауи үлгідегі әскери құрал-жабдықтарымен және техникаларымен танысты. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев армияны бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қазақстанның әскери барлау жұмысына оң баға беріп, халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рөлі арта түсетінін айтты.

Жоғарғы бас қолбасшы қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасына әскери барлау жүйесін одан әрі жетілдіру және дамыту жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырып, аталған бөлімдегі әскери қызметшілердің еңбегіне табыс тіледі.

 



sputniknews.kz