Тоқаев ұшақ апатынан кейін көмекке келген ауыл халқына алғыс айтты
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/1234/04/12340463.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/society/20191229/12417176/Tokaev-ushak-apaty.html
Мемлекет басшысы халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті дейді
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен құтқарушыларға көмекке келген Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс білдірді.
«Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты», — деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Бұған қоса, президент зардап шеккендер үшін қан тапсырған алматылық донорларға да рақмет айтты.
«Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы — Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.
Тағы оқыңыз: Денесімен қорғаған: Ұшақ апаты кезінде жігіт аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған
sputniknews.kz