Тоқаев үш мегаполистің жұмыссыз жастары қалай 85 мың теңге ала алатынын айтты

0

Тоқаев көтерме ақы жұмысқа кіріскен сәттен бастап төленетінін атап өтті. Жалақы ретінде емес, ай сайынғы еңбекақыға қосымша ретінде беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев елорда, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыссыз азаматтарына «Халықты жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында жұмыс тауып беруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев: 42 500 теңге мөлшеріндегі көмекті алатындардың саны артады

Президент карантинге байланысты елорда, Алматы мен Шымкент қалаларының маңында жұмыссыз жүрген халық көбейіп кеткенін айтты. Әсіресе, екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер – жастар.

«Үкімет пен әкімдер тез арада «Халықты жұмыспен қамту» аясында дәл осы өңірлерде нақты жобаларды бастауы тиіс. Адамдар жабық шлагбауым қасында күнкөріссіз отырмауы керек. «Халықты жұмыспен қамту жол картасы» аясында жұмысқа шығуға дайын азаматтарға 2 ең төменгі жалақы немесе 85000 теңге көтерме ақы беріледі», – деді Тоқаев халыққа үндеуінде.

Ол көтерме ақы жұмысқа кіріскен сәттен бастап төленетінін атап өтті. Жалақы ретінде емес, ай сайынғы еңбекақыға қосымша ретінде беріледі.

Тоқаев жұмыс берушілер  «Бизнестің жол картасы» аясында жұмыс істейтін адамдарға жағдай жасап, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті екенін айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз