Тоқаев үш елшіні қызметінен босатты

0
58

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент Қазақстанның Сингапур, Германия және Иорданиядағы елшілерін қызметінен босатты

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш мемлекетке жаңа елші тағайындады. Мемлекет басшысының жарлықтары Ақорда сайтында жарияланған.

Тоқаев арнайы жарлықпен үш елшіні қызметтен босатты:

  • Үсен Әбдіқадырұлы Сүлейменді Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан;
  • Болат Тұрарұлы Нүсіповті Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;
  • Азамат Рахманқұлұлы Бердібайды Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан.

Қызметтен босатылған дипломаттардың орнына жаңа елшілер тағайындалды.

«Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне; Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне; Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген жарлықта.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиев жаңа қызметке ие болды



sputniknews.kz