Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиын өткізді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент алдағы уақытта ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді.

Мемлекет басшысы ҰҚК-нің ағымдағы қызметі туралы ақпаратты тыңдады.

«Алдағы уақытта ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет қойдым», — деп жазды Тоқаев Twitter-де.

​Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы ауқымды арнайы операция бастағаны хабарланды. Күш құрлымдары бірқатар ауыр және аса ауыр қылмысты жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін ұстамақ.

НазарбаевТоқаевпен кездесті

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін жазды. Кездесу барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңнің жұмыс жоспары талқыланды. Елдегі қоғамдық-саяси ахуалға және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 



sputniknews.kz