Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысын ашты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық кеңес аясында үш бағыт – саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылған. Тамыз айының соңында консультативті-кеңесші органның ұйымдастырушылық кездесуі өткен болатын.

Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелерінің дауыс беруі арқылы жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Отырысқа қатысушылардың дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Ұлттық кеңес не үшін құрылды

Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Кеңес төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Төраға орынбасары – президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы – президент кеңесшісі Ерлан Қарин.



sputniknews.kz