Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысын ашады
Қысқа сілтеме алу
Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өткен еді. Ол кезде спикерлер зейнетке шығу жасын қайта қарауды, өлім жазасын алып тастауды, сайлау заңнамасын реформалауды және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін астанадағы Тәуелсіздік сарайында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтеді. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өткен еді. Ол кезде спикерлер зейнетке шығу жасын қайта қарауды, өлім жазасын алып тастауды, сайлау заңнамасын реформалауды және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынған болатын.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі
Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.
Кеңес төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұлттық кеңес мүшелері үш топқа бөлінді: экономика, саяси модернизация және әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі жұмыс тобы.
Тағы оқыңыз: Тоқаев үкіметке тапсырма берді: жаңа жылдан бастап кімнің қалтасы қалыңдайды
Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелерінің дауыс беруі арқылы жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Отырысқа қатысушылардың дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Ұлттық кеңестің құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдері енген.
sputniknews.kz