Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын тағайындады
Қысқа сілтеме алу
Ғалым Байжанов 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды
НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Байжановты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды», — деп жазылған ресми хабарламада.
Ғалым Байжанов кім?
Ғалым Байжанов 1963 жылы туған. Ол «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. Генерал-лейтенант ақпан айында сыртқы барлау қызметіне қайта оралған еді.
sputniknews.kz