Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

0

Сенат төрағасы әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарас қажет деп есептейді

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Президенттің үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі дер кезінде қабылданды. Қазақстандағы жағдай әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарасты қажет етіп отыр. Парламент сенаты жұмысқа түзетулер енгізеді», — деп жазды Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні кешкісін Ақорданың ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі, кейінірек видеоүндеуі жарияланды.

Елбасы үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты», — делінген мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Бақытжан Сағынтаев президентке сенім артқаны үшін алғысын білдірді

Министрлер кабинетінің жаңа мүшелеріне қойылатын талаптар 27 ақпанда өтетін «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылады.

sputniknews.kz