Домой Жаңалықтар Тоқаев Үкіметке екі ай уақыт берді: Қандай мәселе бар?

Тоқаев Үкіметке екі ай уақыт берді: Қандай мәселе бар?

0
101

Президент Үкіметке алдағы екі айдың ішінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірлеуді жүктеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында қоғам болып табысты әділ бөлісу мәселесінде ымыралы пайым қалыптастыру маңызды екеніне тоқталды.

«Бұл — билік пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық аспектілерді, мемлекеттік саясат, ұлттық бірегейлік, жастарды тәрбиелеу сияқты мәселелерді қозғайтын ортақ міндеті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару мәселесіне тоқталды.

«Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі», — деді Президент.