Тоқаев үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлейтінін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар жағдайында экономиканың орнықты даму режимін сақтау міндеті тұр, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

«Әлем жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңіне аяқ басты. Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар жағдайында экономиканың орнықты даму режимін сақтау міндеті тұр. Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс», — деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.

Сонымен қатар, президент мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін орындайтынын жеткізді.  

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді. Жиынға үкімет және бірқатар мемлекеттік органның басшылары қатысты.

Президенттің айтуынша, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатындағы іс-шаралар уақытында қолға алынды. Тоқаев кәсіпорындар мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау керек деп санайды. Ол отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. 



sputniknews.kz