Тоқаев Түркістан облысындағы жағдайға байланысты жазба жариялады

0
24

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Мемлекет басшысы Түркістан облысы тұрғындарына көмек көрсетіліп, Өзбекстан үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Түркістан облысының 10 ауылын су басты, 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды, деп жазды президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан үкіметімен келіссөздер жүргізілуде», – деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін 3,6 мың гектардан астам егістік алқабын су басқаны хабарланған болатын. Алдын ала болжам бойынша 404 миллион теңне шығын келген.



sputniknews.kz