Тоқаев туған күнін атап өтпейді — Президенттің баспасөз қызметі
«Осыған байланысты бұл мәселе бойынша ешқандай іс-шаралар жоспарланбағанын хабарлағым келеді. Бұл Президенттің ұстанымы.
Мемлекет басшысы 17 мамырды қалыпты жұмыс режимінде өткізеді. Біз хабарлағандай, бұл күні оның Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар бағдарламасы аясында да туған күніне орай іс-шаралар болмайды»,-деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
фото: madenietportal.kz