Тоқаев туды қолдану туралы: заңдарды қайта қарау қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау қажеттігін айтты.
Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 27, 2020
«Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет» деді Тоқаев.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың ақпанында елорда тұрғындарына балконға ілінген жалаушасы үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынған болатын. Содан кейін ер адам туды іліп қою — оның патриотизмді көрсетудегі дәстүрі екенін және ол мұны Геннадий Головкиннің кезекті қатты жеңісінен кейін жасады деп түсіндірді.