Тоқаев Трамппен кездесті: президенттер не жайында сөйлесті

0
42

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ президентімен кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Американың кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев АҚШ-та үш маңызды нәрсені атады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуды жалғастыра беретінін атап өтті.



sputniknews.kz