Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

0
13

Үкіметке орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылдың 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын», – деп жазылған құжатта.

Үкіметке орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Кейін ол мамырдың 11-не дейін ұзартылды. Елде шектеу шаралары сақталған. Алайда карантин біраз жеңілдетіліп отыр.



sputniknews.kz