Тоқаев төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмектесетінін айтты

0

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен танысып, өтініштерін ескеруге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдаудың жаңа пакеті әзірленеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды.

«Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады», деп жазды президент.

Тоқаев әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті әзірленген соң, қабылданған шешімдерді жария етуге уәде етті.



sputniknews.kz