Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады

0
66

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қазақстанның жаңа дипломатиялық өкілдері Вьетнам, Индонезия, Оман және Финляндия елдеріне қызмет етеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елде Қазақстан елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент бұйрығымен Ерлан Байжанов Қазақстанның Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшісі, Нажмедин Мұхаметәлі – Оман сұлтандығындағы Қазақстан елшісі, Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы елшісі және Жанна Сартбаева Финляндиядағы елші қызметін атқаратын болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан президентінің күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды

Сондай-ақ, Бекетжан Жұмаханов Вьетнам, Камбоджа корольдігі мен Лаос халық-демократиялық республикасындағы Қазақстанның елшісі қызметінен босатылды. Ал  Ержан Мұқаш Қазақстанның Омандағы елшісі қызметін атқармайтын болады.



sputniknews.kz