Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның жаңа дипломатиялық өкілдері Вьетнам, Индонезия, Оман және Финляндия елдеріне қызмет етеді
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елде Қазақстан елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент бұйрығымен Ерлан Байжанов Қазақстанның Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшісі, Нажмедин Мұхаметәлі – Оман сұлтандығындағы Қазақстан елшісі, Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы елшісі және Жанна Сартбаева Финляндиядағы елші қызметін атқаратын болады.
Тағы оқыңыз: Қазақстан президентінің күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды
Сондай-ақ, Бекетжан Жұмаханов Вьетнам, Камбоджа корольдігі мен Лаос халық-демократиялық республикасындағы Қазақстанның елшісі қызметінен босатылды. Ал Ержан Мұқаш Қазақстанның Омандағы елшісі қызметін атқармайтын болады.
sputniknews.kz