Тоқаев: «Тіл сақшылары» дегеніміз кәсіби арандатушылар

0
38

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтуде. 

Тоқаев сессия барысында «тіл сақшылары» жайлы айта кетті. «Саяси және қоғамдық плюрализмнің радикал формаға ауысуына жол беруге болмайды. Сонымен қатар, азаматтарды кемсітуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға жол берілмейді», — деді Президент. Ол «тіл сақшылары» арнайы дайындалған және арандату мақсатында әрекет еткенін айтты.

2021 жылы Қазақстанда «тіл сақшылары» пайда болып, мемлекеттік тілді білмегендерді кемсітті деген ақпарат тараған болатын. Бұл Ресей БАҚ-тары мен сайттарында айтылып, Мәскеу тарапынан қысым көрсетудің бір себебіне айналған еді.