Тоқаев теңгені тұрақтандыруды тапсырды — Қазақстан жаңалықтары

0
74

Тоқаев теңге бағамын тұрақтандыруды тапсырды, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта теңгенің бағамын тұрақтандыру — өте маңызды. Осы мақсатта Ұлттық Банкке, Үкіметке және квазимемлекеттік компаниялардың басшылығына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық кірістерінің бір бөлігін елдің валюта нарығында міндетті сатуын қамтамасыз етуді тапсырамын.

Сондай-ақ, қолданыстағы міндеттемелерді ескере отырып, квазимемлекеттік компаниялардың Қазақстанның қаржы жүйесіндегі шетел валютасындағы салымдарын кезең-кезеңімен қайтару кестесін құруды тапсырып отырмын.

Ұлттық компаниялар былтырғы жылдың дивидентін мемлекетке таза кірістің 100 пайызына дейін төлеуі керек деп санаймын.

stan.kz