Тоқаев теңгені тұрақтандыруды тапсырды — Қазақстан жаңалықтары
Тоқаев теңге бағамын тұрақтандыруды тапсырды, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазіргі уақытта теңгенің бағамын тұрақтандыру — өте маңызды. Осы мақсатта Ұлттық Банкке, Үкіметке және квазимемлекеттік компаниялардың басшылығына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық кірістерінің бір бөлігін елдің валюта нарығында міндетті сатуын қамтамасыз етуді тапсырамын.
Сондай-ақ, қолданыстағы міндеттемелерді ескере отырып, квазимемлекеттік компаниялардың Қазақстанның қаржы жүйесіндегі шетел валютасындағы салымдарын кезең-кезеңімен қайтару кестесін құруды тапсырып отырмын.
Ұлттық компаниялар былтырғы жылдың дивидентін мемлекетке таза кірістің 100 пайызына дейін төлеуі керек деп санаймын.
stan.kz