Тоқаев Тасмағамбетовтың кіші қызын Ақордаға шақырып марапаттады

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

https://sputniknews.kz/images/1210/48/12104876.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/culture/20191212/12277778/Tokaev-Tasmagambetov-kyzy.html

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың екінші қызы Софья Тасмағамбетова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Президенттің қолынан марапат алғандардың арасында сценограф және костюмдер бойынша суретші София Тасмағамбетова да бар.

Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Тағы оқыңыз: Президент үкіметке қазақстандықтарды баспанамен қамтуға қатысты тапсырма берді

Софья Тасмағамбетова — Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың кіші қызы. Жасы 36-да. Қазақстанның үздік суретшілер тізіміне енген. Тұрмыста, бір қыз тәрбиелеп отыр.



sputniknews.kz