Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

7 ақпанда Масанчи ауылының тұрғындары арасында жанжал шықты. Полиция олардың әрекетін бұзақылық деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін мәлімдеме жасады.

«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.

​Мемлекет басшысының мәліметінше, полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алған.

«Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», — деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жаппай төбелес болды — видео 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады. Тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр. 



sputniknews.kz